QazaqshaТыңдауға тұрарлық 7 қазақша подкаст

Қоғамдағы өзекті мәселелерді сөз ететін, бос уақытыңызды тиімді өткізуге септігін тигізетін қазақша подкасттардың тізімін жасадық.

Eki kese / «Қазақша подкаст»

Авторы Белла Орынбетованың айтуынша, Eki kese — достар арасында шай үстінде айтылатын әңгіме жинағы. Әр шығарылымында жаңа тақырыпты қамтиды: саяхат, ксенофобия, өлім, кәрілік. Өмірге, адамға, құбылысқа деген тың көзқарастар айтылады.

Anchor

Google podcast


«Тамаша жыл» — The Big Year

Оның ерекшелігі — ITunes-тегі қазақ тіліндегі алғашқы және тұрақты шығатын подкасттың бірі. Бүгінге дейін 91 шығарылымы қазақ тілінде жарияланған. Тұлғалық даму, позитивті ойлау және психология туралы ақыл-кеңестер, мотивациялық ойлар, түрлі тақырыпта сұхбаттар бар. Жүргізуші және идея авторы — Талшын Тоқыжанова.

iTunes

Google podcast


FindyourB

FindYourB — екі тілде жүргезілетін қазақстандық танымал подкаст. Идея авторы Қайыржан Альбазаровтың сөзінше, подкасттың мақсаты — әр тыңдарманды ішіндегі батырды оятып, өмірлік миссиясын табуға жігерлендіру. 2019 жылдың наурыз айынан бастап феминизм, кітап, өзгеріс және ғылым тақырыбында тоғыз шығарылым қазақ тілінде жарияланған.

Itunes

Google podcast


Qarlygash podcast

Qarlygash podcast — тұрмыстағы экология тақырыбын көтерген алғаш қазақша жобалардың бірі. Ол экологияға жаны ашитын адамдармен табиғатты қорғау, қоқыс мәселесі, эко-белсенділік жайлы сұхбат түрінде жүргізіледі. Қазір 10 шығарылымы бар және тұрақты түрде шығып жүр. Жүргізушісі — Қазақ Ұлттық университетінің 3-курс студенті Назым Сапарова.

iTunes

Google podcast


Oy-detox

Ақпаратты қабылдап, оның ішінде керегін тұтыну маңызды. Подкасттың авторы Айнель Әмірханның айтуынша, оның негізгі идеясы — ақпарат ағымында адасып кетпей, ой, сана, тазалығын сақтау жолдарын іздеу. Бүгінге дейін ағылшын тілінің қажеттілігі, дін, тәуелсіздік, кітап нарығы сияқты тақырыптар қамтылды. Айнель медиа-тренер Асхат Еркімбай, PR-маман Ербол Азанбек секілді тұлғалармен тілдесті.

iTunes

Google podcast


«Біртүрлі қыздар»

Қаракөз бен Назерке есімді студенттер жастық шақ, адамдар, тіл білімі, журналистикадағы оқу саяхат туралы «біртүрлі» ойларын айтады, жаңаша көзқарастарын танытады. Подкаст еркін форматта жүргізіледі. Бір шығарылымында қыздар «Біліктілік пен білімділік жас ерекшелігі бойынша бағалана ма?» деген сұраққа жауап іздейді.

Castbox


Howtostudy

Білім — қажеттілік. Подкаст білім алудың тиімді жолдары, білім жүйесіндегі қателер, оқуға құштарлық тақырыптарын қамтиды. Қазақша шығарылымның жүргізушісі — Елдар Құдайбергенов. Автордың айтуынша, білімді ала білу — жүре бітетін дағды. Подкаст қонақтары нені және қалай үйренгенін, қандай қателіктер жібергенін, білім жолында кездескен қиындықтарын айтады.

iTunes

howtostudy

Google podcast


Мәтін: Ақбота Узбекбай

МҰҚАБА: Austin Distel

Новости