Алматы маңындағы ұшақ апаты. Басты жаңалық


27 желтоқсанда Алматы маңында BekAir әуекомпаниясының ұшағы құлады.

Басты оқиғалардың хронологиясын жасап шығардық.

Материал толықтырылады.

07:05

Алматы — Нұр-Cұлтан бағытында ұшып бара жатқан самолёт радардан жоғалып кетті.

~ 07:22

Болжам бойынша бұл уақытта ұшақ құлады.

08:34

Алматы халықаралық әуежайы апат туралы хабарлама жариялады: «Бүгін Алматы — Нұр-сұлтан 2100 рейсімен келе жатқан Bek Air әуекомпаниясының борты жоспар бойынша 7:05-те ұшып шығып, радардан жоғалып кетті. Бортта 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі бар».

~ 08:40

БАҚ-та апат пен радардан жоғалған ұшақ туралы алғаш хабарлар таратылады. Интернетте оқиға орнынан түсірілген фотолар мен видеолар тарай бастайды. Фотоларда ұшақ фюзеляжы мен кабинаның жалғанған жерінің үзілгені байқалады.

Оқиға орнында ТЖД, РЖҚЖ, кинологиялық есеп қызметкерлері жұмыс істейді.

08:56

Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, ұшу кезінде ұшақ көтеріле алмай, қоршауды тесіп, жеке секторда орналасқан екі қабатты үйге соғылды.

08:58

Қаза болған 7 адам туралы ақпарат пайда болады.

«Дереу құтқару жұмыстары басталды, өрт шыққан жоқ. Жолаушыларды және әуе кемесінің экипажын эвакуациялау жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі уақытта қаза болғандардың саны — жеті» деп мәлімдеді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

09:06

Жедел штаб құрылды

Шұғыл желі:

8 (7172)53-32-84.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТЖД:

8 (7282) 22-02-13, 22-02-18.

НҰР-СҰЛТАН қаласының ТЖД:

8 (7172) 24-52-12, 24-51-71, 24-51-47.

09:32

Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін, ал қайғылы оқиғаға кінәлілер қатаң жазаланатынын мәлімдеді.

«Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады» деп жазды президент туиттер парақшасында.

09:36

Қаза болғандардың саны тоғызға жеткені туралы жаңа хабарламалар пайда болды. Олардың арасында алты бала бар. Зардап шеккендерді №4 қалалық клиникалық аурухана мен балаларға шұғыл көмек көрсету орталығына апарады.

~ 10:00

Оқиға орнынан түсірілген видеода құтқарушылар үйінділерді жинастырып жатқаны көрсетілген. Кадр сыртында «қалалық медициналық қызметтер қайда?» деп сұраған адамға, «олар жоқ» деген жауап естілді.

10:03

Әкімдіктің хабарлауынша, апат орнында ТЖД (30 адам және жеті бірлік техника), РЖҚЖ ММ (16 қызметкер және екі бірлік техника, бір кинологиялық есеп), АМО (4 қызметкер және 1 бірлік техника), ЖМК (35 қызметкер және 15 бірлік техника), ССА (10 қызметкер және 2 бірлік техника, 1 кинологиялық есеп), ДП (200 қызметкер және 20 бірлік техника), 12 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді.

10:18

Зардап шеккендер мен қаза болғандардың тізімі жарияланды.

Қаза тапқандардың арасында:

Астанов Николой 1971 т.ж.

Хайдаров Р. 1940 т.ж.

Калиев Бауржан 1974 т.ж.

Карибаев Базархан 1974 т.ж.

Муратбаев Марат 1961 т.ж.

Нурбаев Абай 1982 т.ж.

Исина А.

10:20

Қаза болғандардың саны 14 адамға жетті.

10:33

ТЖК мәліметі бойынша, апат орнына 976 адам мен 70 бірлік техника, 33 жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмылдырылды.

10:36

Ұшақта Генералдар кеңесінің төрағасы Рүстем Хайдаровтың болғаны анықталды. Ол қаза тапты.

10:38

Әуежайға жолаушылардың туыстары келе бастады. Әуежай аумағында жедел жәрдем бригадалары бар, психологтар кезекшілік етеді.

10:43

Апат орнына Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев келді. Кейін ол зардап шеккендердің жағдайын білу үшін ауруханаға барды.

10:47

Құлаған ұшақтың пилоты қайтыс болды.

10:50

Bek Air әуекомпаниясының қызметі тоқтатылды.

10:59

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі рейс жолаушыларының тізімін жариялады. Ведомствоның мәліметінше, бортта барлығы 98 адам болған — 93 жолаушы, олардың ішінде үш сәби және бес экипаж мүшесі бар.

1. Үдербаева Қымбат

2. Омаров Ринат

3. Теменов Айбар

4. Нұрбеков Абай

5. Нұрбекова Мариям (ребёнок)

6. Бекжанова Нағима

7. Жайғашты Әділ (ребёнок)

8. Жайғашты Әли (ребёнок)

9. Нұрбекова Адина (ребёнок)

10. Қалиев Бауыржан

11. Туматов Қайырхан

12. Аманжол Сәния

13. Қайдаров Рүстем

14. Баймұрат Нұрислам

15. Набиев Эдик

16. Ануфриев Валерий

17. Сон Юрий

18. Сон Яна

19. Баимбетова Гульнар

20. Асташов Николай

21. Аманов Серик

22. Исина Арман

23. Мукашева Салтанат

24. Жумаханов Шынгысторе

25. Ибраев Дархан

26. Рахимжанова Алия

27. Сиделковский Андрей

28. Карибаева Базархан

29. Қожабергенов Даулет

30. Ерман Марал

31. Бекмағанбетов Бахытжан

32. Круглова Дана

33. Нурахметова Шынар

34. Оспанова Амина

35. Абилев Жанат

36. Дедов Виталий

37. Карнаева Надежда

38. Жанболатова Бекзат

39. Клыков Матвей

40. Назаралиев Аслан

41. Қайыпбергенова Гульнара

42. Мажкенова Алтын

43. Кошенова Гульнура

44. Нұрхамит Тілеулес

45. Жанбосынова Динара

46. Даулет Динара

47. Ескеров Жандос

48. Акмағанбетова Әсем

49. Сагимбеков Арман

50. Құралбай Айгерим (ребёнок)

51. Тулебаев Нурлан

52. Тулебаева Анар

53. Құралбай Дамели (младенец)

54. Зубов Виктор

55. Зубова Галина

56. Жолдыбаев Бекзат

57. Орынбаев Нұрдос

58. Еримбетов Сәрсенбек

59. Айболатова Зухра

60. Омарова Айман

61. Иминова Зульфия

62. Әбдісаттар Жанқозы

63. Ахболат Даваа

64. Усен Саттыгуль

65. Ахболатқызы Асылым (младенец)

66. Абильдаева Әсел

67. Сериков Мейрамбек

68. Гатиат Айсұлу

69. Гатиат Мақсұт

70. Гатиат Әділжан (младенец)

71. Алекперов Олег

72. Девичинская Ольга

73. Мурат Латипа

74. Салтанат Талап

75. Салтанатқызы Уларшынг

76. Ғабдыжамалова Зубаржат

77. Каратеев Иван

78. Қуаншалин Марат

79. Утепов Еркін

80. Мамиев Мұрат

81. Сейпилов Ильяс

82. Егамбердиев Наби

83. Попков Андрей

84. Кулгавый Евгений

85. Нуерлан Маолина

86. Абаганова Назым

87. Әлімхан Нұрболат

88. Адаев Еркебұлан

89. Акишева Гулім

90. Асырова Анара

91. Нұрманова Сәуле

92. Нұрманов Асхат

93. Қадауов Темірлан

11:35

Зардап шеккендердің саны 66-ға жетті.

12:07

Bek Air-дің өкілі оқиғаға байланысты ақпарат бере алмады. Әуекомпанияның өкілі «барлық бағыттарда рейстер тоқтатылды, бүкіл Қазақстан бойынша билет қайтарылуда» деп хабарлады.

12:09

Ұшақ апаты кезінде журналист Дана Круглова қаза тапты. ҚАЗА БОЛҒАНДАРДЫҢ САНЫ-15 АДАМ.

12:26

Bek Air әуекомпаниясы ресми мәлімдеме жасады: «Құрметті қазақстандықтар, қайғылы оқиғаға байланысты BEK AIR әуекомпаниясының атынан қайғырып көңіл айтамыз. Қазіргі уақытта біз оқиға орнында жұмыс істеп жатқан қызметтерден ресми ақпарат күтіп отырмыз. Сонымен қатар, біз анонимді хабарламаларға жауап бермеуді сұраймыз, себебі олар алаяқтықтардың ісі болуы мүмкін. Ресми ақпаратты күтіңіз».

13:20

Тағы бір адамның қайтыс болғаны белгілі болды. Қаза тапқандардың саны 16-ға жетті.

13:57

Ұшақ бортында Украина, Қырғызстан және Қытай азаматтары болғаны жайлы ақпарат пайда болды.

Текст: Кирилл Каргаполов

Аударма: Ақерке Ораз