"Енді қай жерлерін ұстап шығар екен": Төреғали Төреәлінің қарындасы тағы да елді шулатты
Төреғали Төреәлінінің қарындасы Дина Төреәлі жаңа босанған сәбиімен қымбат мейрамханаға келемін деп, елдің қатаң сынының астында қалды. |
Көпшілік оның шақалақ сәбимен тысқа шыққанын жаппай сөгіп тастаған, деп хабарлайды Caravan.kz. медиа-порталы.
Бұл туралы Дина Төреәлінің өзі де мәлім етті. Айтуынша ол баласын қырқынан шығармай жатып, далаға шығып, серуендеуді жөн көрген.
Десе де жас ананың бұл әрекеті көптің сынына ұшырады. Халық оның тысқа жаңа туған нәрестемен шыққанын қатаң сынға алған.
"Жас туған баламен қалай қорықпайды қазіргі жастар? Иммунитеті жоқ, ауырып қалса не болатын еді?", "Қорықпайды екен 40-нан шықпаған баламен жүруге", "Баланы ойлаңыздар әлі имунитет жоқ, ауырып қалса қайтесін, үйде отырып ақ заказ беруге болады ғой, басымызға түскесін айтамыз", "Бет алды түсе беретін болды. Төреғалидың қарындастары, қарындарын күйеулері сипап ұстап шығады, бұрын шықпайтын күйеу балалары да шыққыш болып кетті...Енді қай жерлерін ұстап шығар екен" деп жазды олар.