Түркістанда 4 жасар баланы іздеуге әскерилер жұмылдырылды

Түркістанда 4 жасар баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жоғалған бүлдіршінді табуға әскерилер жұмылдырылды, деп хабарлайды Kazinform.

Қазіргі уақытта ұлттық ұланның сарбаздары тәртіп сақшыларымен бірге жүйелі түрде жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

«Облыстағы 17 қала, ауданға бүлдіршіннің жеке басы мен түр-тұлғасы бойынша мәліметтер жіберілді. Полицияның жеке құрамы мен иісшіл иттер, әскерилер мен еріктілер және жедел уәкілдерден құралған арнайы топ жан жақты жұмыс істеп жатыр. Іздеуге дрон апараты қолданылуда», — деді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Гүлнар Әбдіжаппарова.

Айта кетейік, бұдан алдын Түркістанда төрт жасар баланы жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.
Кейін бүлдіршінді іздеуге дрон мен иісшіл иттер тартылды.

Бақыт Айбар Алдиярұлы 2019 жылы туған. Бойы 60-65 см, шашы қара-қоңыр түсті. Үстінде сұр түсті торлы жейде, қоңыр түсті шалбар, аяғында резеңке аяқ киім (галош) болған. Көрген-білген адамдар болса, шұғыл полицияның кезекші бөліміне 8-725-33-5-97-65, 8-725-33-97-40-94 немесе +77014596666, +77026376600, +77759962793, сондай-ақ 102 нөміріне хабарласуды сұраймыз.

Новости