“Өлген баланың көз жасы жібермесін”: Бибігүл Рамазан өзіне қол салған сарбаздың өліміне бір ғана офицердің кінәлі деп танылғанын айтты
Осыдан бір жыл бұрын өзіне қол салып, кейін адвокат Сержан Пралиев солдат Мираш Бекболдың "аузынанын бірнеше адамның шәуеті табылғанын" айтып дабыл қаққан болатын. |
Елді дүрліктерген істке кінәлілерге осы жұмада үкім шықпақ.
Бұл туралы қоғам белсендісі Бибігүл Рамазан Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Қадірменді достар!
Желіде жоқпын, өзімнің де көңілімнің қошы жоқ желіде отыратын(((Былтыр Атырау облысы, Миялының тумасы Мираш Бекбол өз өзіне суицид жасағаны туралы жаздым.
Сот болып жатыр! Осы жұмада үкім шығады.
Марқұмның өліміне кінәлі деп бір ғана офицер қамауда. “Мал, алқаш,”-деген сөзге өлді деп отыр тергеушілер.
Ал марқұмның үстінен табылған биоматериалдар туралы ешкімнің ісі жоқ сияқты.
Бұл Тараздағы Шөлдала заставасында болған оқиға.
Бұған жауапты тікелей Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Бүгін төмендегі мақаланы достарым жіберді.
“Қатардағы жауынгер Бекбол Мираштың өз-өзіне қол жұмсауына байланысты 5 әскери қызметкер қызметінен босатылды
Бұл туралы ҰҚК ШҚ тәрбие, идеологиялық және кадр жұмысы департаменті бастығының орынбасары – кадрлар басқармасының бастығы Ерік Беріков мәлімдеді.
«Облыстық департаменттің басшысы, шекара басқармасының бастығы, застава бастығы және тиісті тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қызметтерінен босатылды», — деді ол.
2022 жылдың 19 тамызында қатардағы жауынгер Бекбол Мираштың әскери борышын өтеу кезінде асылып өлгені белгілі болды. Туыстарына командирлер оны «жүретін қызымен ұрсысып қалып, өз-өзіне қол жұмсады» деп айтқан. Бекбол Мираштың туыстары оны әскердегі әлімжеттік кесірінен өлді деп есептейді.”-