Алматыдағы үш үлкен саябақ жөндеуден өтеді
Биыл Алматыда Тұңғыш Президент саябағын, «Атакент» мәдени орталығының аумағын және «Южный» саябағын қайта жаңғырту және абаттандырудың жобалық-сметалық құжаттамасы аяқталады. |
Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды kazinform.kz
Шаһар басшысы цирк алдындағы, Мұстафин көшесінің бойы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттер сарайының маңындағы субұрқақтар күрделі жөндеуден өтетінін атап өтті.
Бұған қоса, биыл ақпан айында 50 аула аумағына күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге конкурс жарияланды.
«Абай және Гагарин даңғылдарының қиылысында ауданы 1 га жер учаскесін абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Мұнда балалар мен спорт алаңдарын, иттерді серуендету аймақтарын салу, демалуға арналған орындықтар орнату және суару жүйесі бар жасыл желектерді отырғызу жоспарда бар», — деді Ерболат Досаев.
Айтуынша,Тұңғыш Президент саябағын, «Атакент» мәдени орталығының аумағын және «Южный» саябағын қайта жаңғырту және абаттандырудың жобалық-сметалық құжаттамасы аяқталады.