Қор нарығында доллар қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы KAZINFORM.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,33 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы 449,30 теңге.
Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 долларға 448,91 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,96 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 449,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 451,7 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 448 теңге, сатып алу құны– 453 теңге.
Ресей рублі 4,87 – 4,98 теңге аралығында саудаланып жатыр.