ДДСҰ басшысы Израильді Газада электр мен су жеткізуді қалпына келтіруге шақырды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус Астанада өтіп жатқан халықаралық медициналық конференцияда Изарильді Газа сеткорында электр мен су жеткізуді қалпына келтіруге шақырды, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы Kazinformға сілтеме жасап.

конференция

«Израиль мен Палестинаның оккупацияланған аумағындағы зорлық-зомбылық бәрімізді шошытты. ХАМАС пен өзге де қарулы топтардың 7 қазандағы Израильдің азаматтық тұлғаларына қарсы шабуылы аса қорқынышты әрі ақтауға келмейтін әрекет болды. Біз оларды қатты жазғырамыз. Сонымен бірге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Газадағы бомбалау мен басқыншылықтан зардап шегіп жатқан бейбіт халықтың денсаулығы мен амандығына алаңдаулы», — деді ол.

ДДСҰ басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Мысыр арқылы Газаға гуманитарлық көмекті алғашқылардың бірі болып жеткізгенін еске салды.