Жетісу облысында шенеунік әр жүк көлігінен 50 мың теңгеден алып отырған
Ол жүк көлігінің кедергісіз жүріп-тұруы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінді.
Ведомство мәліметінше, ол өзінің сенімді адамының делдалдығымен облыс аумағында жүк көлігінің кедергісіз жүріп-тұруы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінді. Ай сайынғы сыйақы сомасы 1 автокөлік үшін 50 000 теңге болған.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Сурет: видеодан үзінді