Көшем менің — Фурманов, қалам менің — Астана


The Village Казахстан-ның бас директоры Айсана Ашим астананың атының өзгеруі, саяси технология және жад жайлы бағана жазды.

19 наурызда біз үміттендік. 20 наурызда тағы да аяққа тапталдық.

19 наурыз күні біз ойладық: бәркелді, қолынан келді. Кеш болса да, өтірік болса да, орнын кепілдендіріп кетсе де (Қауіпсіздік кеңесі және тағы басқа транзиттің керметтілігі), бел буды. Күтпедік, бірақ болуы керек нәрсе еді. «ӘДЕМІ КЕТТІ», — деді күңірсіп таксиде менің артымда отырған оқушы. «19 күні 19 жылы сағат 19-да», — деп қосылды екіншісі.

Одан кейін мен «ӘДЕМІ КЕТТІ» дегенді естемедім. Себебі ол ешқайда кеткен жоқ (Қауіпсіздік кеңесінен басқа сенат өкілі ретінде қызының тағайындалуы) және де мүлде әдемі емес.

Қазақстанда бұғатталған GoPetition.com ресурсында астана атының өзгеруіне қарсы петицияға екі демалыс күні ішінде 40 мыңнан астам қол қойды. «АҢҚАУЛАРДЫҢ САНАҒЫ» деп жазды твиттерде біреу. Иә, шынында да, бұл мыңдаған аңқаулардың үміті ақталмады: 23 наурызда президент Касым-Жомарт Тоқаев Астананы Нұр-Сұлтан деп өзгерту жайлы қаулыға қол қойды.

2016 жылы біздің бірінші президентіміз «Россия 24» телеканалында АСТАНА — БРЕНД ЖӘНЕ ОНЫҢ АТАУЫН ӨЗГЕРТУДІҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ екендігін айтқан болатын. Астанада Азия ойындары, ЕҚЫҰ-ының саммиті, ЭКСПО, әлем діндердің съезді өтті. Бұл желді, батпақта орналасқан суық қалаға жылдар, үлкен қаржылай және адам ресурстары бөлінді. Қазір, сарапшылардың есептеуі бойынша, Астананың Нұр-Сұлтанға айналуы 125 МИЛЛИОН ДОЛЛАРДЫ қажет етеді.

Қазақстанда бұғатталған Kloop қырғыз сайты Астананың Нұр-Сұлтан болып өзгеруі қулығы іске асты деп жазды — ХАЛЫҚТЫҢ АШУ-ЫЗАСЫ БОСТЫҚҚА БЕТ БҰРДЫ. «Сенат өкілі — Қазақстандағы ең ықпалды фигура. Мысалы, егер президент өз еркімен орнын босатса, бұл адамға билік автоматты түрде өтеді». Қарқылдаудың қажеті жоқ (монархия бізге қажет емес), бірақ ұмытуға да болмайды.

Шындығында қазақстандықтар мұндай тағайындауларға дайын болды. Сайлаудың қорытындысына біз тек күлдік (44 депутат — бірауыздан!). Бірақ астананың атын бізден тартып алулары — шеттен шығушылық, ДӘЛІРЕК АЙТСАҚ, БІЗДІҢ БЕТІМІЗГЕ ТҮКІРУ.

19 НАУРЫЗДА ҚУАНЫП КҮЛСЕК, АЛ 20 НАУРЫЗДА ЖЫЛАП КҮЛДІК (твиттердегі әзіл). Ал 22 наурыз болса, бізге жылдың басы немесе іске аспаған мерекенің белгісі ретінде емес, күйініш пен үлкен үнсіздік, митингтар мен Алматы мен Астанадағы ұстаулармен есте қалды. Олар журналисттерді тұтқынға алды, алаңда бейбіт кетіп бара жатырған адамдары, әйелдер мен жасөсіспірімдерді ұстады. Оған қоса, адамдар қаланың атының өзгеруіне емес, биліктің табысталуына қарсы шықты. Полицияға жастар көмектесті — олар дауыстап ән шырқап, билеп, журналисттердің камералары мен фотоаппараттарын жауып, оларға ашық түрде кедергі келтірді. «БІЗДЕ ҚАЗІР МЕРЕКЕ, ПОЗИТИВ БОЛУЫ КЕРЕК», — деді бір жас жігіт (желіде олар нурботтар деп аталып кетті). «Мереке» үрей тудырса, ал оларға жаның ашиды.

Ал сіз осының бәрі бір кездейсоқ деп ойлайсыз ба — ірі қайта құрылыстар мен шешімдердің Наурызға тап келуі? Халық бес күн демалып жатырғанда ма? Жоқ, ағайын. МЕРЕКЕ — БАРЛЫҚ САЯСИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА ПАЙДАСЫ МОЛ СЫЛТАУ. Осындай кезде адамдар мейірімді, көнгіш келеді, керекті хабарламалар мен концепцияларды таратуға болады. Мұны әлемдегі барлық саясаткерлер біледі және қолданады. Демалыс күндері ашуланатын уақыт жоқ — ұйқыны қандырып та, қыдырып та, бауырсаққа тойып та үлгеруің керек. Ал бес күннен кейін жұмысқа оралғанда, барлығы демалған, тынышталып, ұмытып кеткен — а, не, Астана? Басымды қатырма! Керемет жоспар емес пе, а?

Қаланы адамның атымен атау — әлемнің көптеген диктаторлары үшін шеттен шығушылық. Бірақ біздің олардан айырмашылығымыз бар! Жаһан білсін! БАРЛЫҒЫ БІЗГЕ КҮЛСІН! Борат аз болғандай.

Иә, Вашингтон деген АҚШ-тың астанасы бар. Бірақ, Досым Сәтпаев айтқандай, егер Америкаға ұқсағымыз келсе, онда Америкадағыдай демократияның негізін қалайық. АҚШ-тағыдай сайлау өткізейік. АҚШ-тағыдай экология, IT, біліміміз болсын. Оған қоса, Джордж Вашингтон, «ұлт атасы», 18 ғасырда өмір сүрді, ол кезде барлық штаттарда құлдық жойылмаған еді, ал әйелдердің сайлау құқығы жоқ еді. Сонымен қатар Вашингтон тәуелсіздік үшін соғысқан болатын. АЛ БІЗ КЕҢЕСТІҢ ҚҰЛДЫРАУЫНАН КЕЙІН ҒАНА ТӘУЕЛСІЗ БОЛДЫҚ, БҰҒАН ҚОСА, ҚАЗАҚСТАН КЕҢЕСТІҢ ҚҰРАМЫНАН СОҢҒЫ БОЛЫП ШЫҚТЫ.

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУДЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ ДА ТАҢ ҚАЛДЫРАДЫ. Үш күн (оның екеуі — демалыс күндері) — «Астана» атауы осыншама уақыт ішінде жерге көміле салды. Ал бір мұз аренасын қарақшылардың қолынын қаза тапқан Денис Теннің — ұлы мәнерлеп сырғанаушының, олимпиадалық чемпион, патриоттың, өліміне әлемде мыңдаған адам қайғырған спортшының — атымен атау туралы шешім әлі де қабылданбады. Бірнеше ай өтсе де. Мыңдаған адам қол қойып, осылайша оған құрмет көрсетейік деп жалынса да. Себеп? Өлім күнінен бес жыл өтпеді. Ирония.

Астананың атауын өзгертудегі асығыстың себебі не? Мұны неге кеткеннен кейін келесі күні емес, біраз кейінірек, тыныш, абыроймен және Конституцияны тағы да аяққа таптамай жасауға болмайды? ЕШКІМ ОСЫ 30 ЖЫЛ ІШІНДЕ АЗ ЕМЕС, КӨП НӘРСЕ ЖАСАЛҒАНЫН ЖОҚҚА ШЫҒАРМАЙДЫ ҒОЙ. Жоққа жығару — ақымақтық, объективті емес. Сондықтан тез әрі қисынсыз тоналып қалғанымызға куә болу күйінішті. Атын ғана емес, таңдау және сөз бостандығымызды тартып алды. Не үшін?

Біреулер «қаланың қалай аталатыны маңызды емес, бастысы — онда өрт пен өлім болмаса екен» дейді. Бюджеттің осы 125 миллион долларын басты проблемаларды шешуге жұмсаған жөн емес пе?

Қызықтысы — 19 наурызда көптеген пікір көшбасшылары бейбітшілікке шүкіршілік етсе, ал 20 наурызда аң-таң болды. Осыны жазып отырғаным өкінішті, бірақ осы сасушылық сабақ болды. Шынымен де, соңында. Ақырында адамдар қандай елде өмір сүріп жатқанымызды түсіне бастады. Референдумға деген құқымыз біреудің феодалдық меншігіне айналған мемлекетте. Не Жаңаөзен, не Көк-Жайлау, не Фурманов, не көптеген сот істері, не тамыр-таныстық, не жемқорлық сізге шапалақ болып тимеді — онда сіздің жеріңіз шапалақ болсын.

Бірақ қазір жасау керек соңғы нәрсе — керісу мен бөлісу. Басқа не істей аламыз? Өзімізден бастай аламыз: жұмыс жасау, өз ісіңіздің шебері болу, шыншыл болу, артыңызда қоқыс қалдырмау, пара бермеу. Және үндемеу. Және есте сақтау. Ұмытпау, қорықпау. БІЛІҢІЗ, ТАРИХ БАРЛЫҒЫН ӨЗ ОРЫНЫНА ҚОЯДЫ. Тек осының барлығын есте сақтаңыз. Жүректегі осы жараны сақтаңыз. Қалаларымыз бен әуежайларымыздың, көшелеріміз бен бульварымыздың, мектептер мен университеттеріміздің аттарын өзгерте берсін. Бірақ олар біздің ойымызды өзгерте алмайды, жүрегіміз бен санамызды бұғаттай алмады. Бір күні жаңа 19 наурыз келеді. Сол кезде мейрам да болады, басқа есімдер де болады. Мас әрі бақытты біз де қазір абсурд болып көрінгендерді еске алатын боламыз. Тек есте сақтаңыз.