Қазақстанда 9 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған


Бүгінде Қазақстанда 9 адамда коронавирус инфекциясы анықталды. Оның жетеуі Алматыда, екеуі Астанада.

Қытай және басқа да шекаралас мемлекеттерден келген азаматтар бақылауда. Барлық санат бойынша мониторингіге 2626 адам, оның ішінде 1а-санаты бойынша – 1689, 1б-санаты бойынша – 586, 2-санат бойынша 351 адам алынды. 2626 адамның 503-і босатылды, қалған 2123 адам мониторингіден өтіп жатыр.

Бүгінге дейін дене қызуымен және ЖРВИ (жедел распираторлық вирустық инфекциялар Ред.) белгілерімен 129 адам ауруханаға түсті. Оның ішінде 1б-санаты бойынша 39 адам, 2-санат бойынша 43 адам, 3-санат бойынша 47 адам ауруханада. 129 адамның 65-і ауруханадан шықты. 73 адам стационарда қалды. 64 адамда дене қызуы мен ЖРВИ белгілері бар. 9 адамда коронавирус анықталды.

Науқастар Бас санитарлық мемлекеттік дәрігердің қаулысымен алгоритмге сәйкес инфекциялық стационарға жатқызылды. Эпидемияға қарсы қажет шаралар: оқшаулау, емдеу және дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әлемде эпидемиологиялық жағдай қандай?

Әлемнің 158 мемлекетінде 169 387 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, оның ішінде:

— Қытайда 80 884 адам тіркеліп (бір тәулікте 20 адам), күн сайынғы өсім – 0,02% болды. Оның 3 199 қаза болған, өлім көрсеткіші – 3,9%. 66 911 адам жазылды (82,7%). Қазір стационарда 10 734 науқас бар.

— Әлемнің басқа қалаларында – 88 514 адам (круиз лайнерін қоса есептегенде) тіркеліп, күн сайынғы өсім 17,0 % болды. Оның 3 302 өмірден өтті. Өлім көрсеткіші – 3,7 %.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың таралуына жол бермеу үшін төмендегі алдын алу шараларын қатаң ұстануға кеңес береді:

- қолды жиі сабындап жуу;

- адам көп жиналатын жерлерге бармау;

- сырқат адамдарға жақындамау;

- суық тиюдің белгілері пайда болса (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақ ауруы), тез арада үйге жедел жәрдем шақыру керек.

Басқа да сұрақтар бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс-орталығына 1406 номеріне қоңырау шалуға болады.

Обложка: Matteo Fusco