QazaqshaҚазақстанда 9 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған
Бүгінде Қазақстанда 9 адамда коронавирус инфекциясы анықталды. Оның жетеуі Алматыда, екеуі Астанада.
Қытай және басқа да шекаралас мемлекеттерден келген азаматтар бақылауда. Барлық санат бойынша мониторингіге 2626 адам, оның ішінде 1а-санаты бойынша – 1689, 1б-санаты бойынша – 586, 2-санат бойынша 351 адам алынды. 2626 адамның 503-і босатылды, қалған 2123 адам мониторингіден өтіп жатыр.
Бүгінге дейін дене қызуымен және ЖРВИ (жедел распираторлық вирустық инфекциялар — Ред.) белгілерімен 129 адам ауруханаға түсті. Оның ішінде 1б-санаты бойынша 39 адам, 2-санат бойынша 43 адам, 3-санат бойынша 47 адам ауруханада. 129 адамның 65-і ауруханадан шықты. 73 адам стационарда қалды. 64 адамда дене қызуы мен ЖРВИ белгілері бар. 9 адамда коронавирус анықталды.
Науқастар Бас санитарлық мемлекеттік дәрігердің қаулысымен алгоритмге сәйкес инфекциялық стационарға жатқызылды. Эпидемияға қарсы қажет шаралар: оқшаулау, емдеу және дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Әлемде эпидемиологиялық жағдай қандай?
Әлемнің 158 мемлекетінде 169 387 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, оның ішінде:
— Қытайда 80 884 адам тіркеліп (бір тәулікте 20 адам), күн сайынғы өсім – 0,02% болды. Оның 3 199 қаза болған, өлім көрсеткіші – 3,9%. 66 911 адам жазылды (82,7%). Қазір стационарда 10 734 науқас бар.
— Әлемнің басқа қалаларында – 88 514 адам (круиз лайнерін қоса есептегенде) тіркеліп, күн сайынғы өсім 17,0 % болды. Оның 3 302 өмірден өтті. Өлім көрсеткіші – 3,7 %.
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың таралуына жол бермеу үшін төмендегі алдын алу шараларын қатаң ұстануға кеңес береді:
- қолды жиі сабындап жуу;
- адам көп жиналатын жерлерге бармау;
- сырқат адамдарға жақындамау;
- суық тиюдің белгілері пайда болса (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақ ауруы), тез арада үйге жедел жәрдем шақыру керек.
Басқа да сұрақтар бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс-орталығына 1406 номеріне қоңырау шалуға болады.
Обложка: