Астанада баланы өлтірген күтуші мен ер адам сотталды
Астанада күтуші мен оның азаматтық некедегі жолдасы сәбиді өлтіргендері үшін сотталды. |
Сот оларды 17 және 23 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Өткен жылы бала күтуші мен бірге тұратын ер адам жас баланы физикалық зорлық-зомбылық көрсеткен, салдарынан бала қаза тапқан.
Қала прокуратурасының үйлестіруімен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел және объективті тергеп-тексеру қамтамасыз етілді.
Сотта мемлекеттік айыптаушымен аталған адамдардың кінәсі туралы бұлтартпас дәлелдер келтірілді, олар 17 және 23 жылға сотталды, — деді Астана қаласының прокуратурасында.