Абай облысындағы өрт туралы нені білген жөн?
Алтыншы күн қатарынан Абай облысында орман өртеніп жатыр, ал Семейде ТЖ тәртібі жарияланды. Ірі орман өртін тоқтату барысында «Семей орманы» резерватында Новошульба филиалының өз учаскілеріне өрт сөндіру үшін шыққан 14 қызметкермен байланыс жоғалды. Біраз уақыттан кейін байланыс мүлде үзілді. Көп ұзамай іздеу жұмыстары басталды.
10-шы маусым жоғалған орманшылардың барлығы қаза тапқаны белгілі болды. Облыстың полиция қызметкерлері өрт орнынан барлық 14 адамның денесін тапты. Қазақстан Экология министрлігі қаза тапқандардың аты-жөні мен суреттерін жариялады.
Автор НАЗГУЛЬ ЖАРБУЛОВА
Жиенбаева Мейрамгүл Құсаиновна (33 жас) — «Семей орманы» МОТР-ы Новошульба филиалы Успенка орман шаруашылығының басшысы.
Тоқтасын Серікжан Бақытбекұлы (27 жас) — «Семей орманы» МОТР-ы Новошульба филиалының орманды қорғау және күзету жөніндегі инженері.
Дүйсембаев Амангелді Спатайұлы (58 жас) — «Семей орманы» МОТР-ы Новошульба филиалының жүргізушісі.
Губаев Алексей Григорьевич (30 жас) — орман мастері, «Семей орманы» МОТР-ы Новошульба филиалы Успенка орман шаруашылығының мемлекеттік инспекторы.
Фоминых Максим Владимирович (25 жас) — территорияны күзету жөніндегі инспектор, «Семей орманы» МОТР-ы Новошульба филиалы Успенка орман шаруашылығының мемлекеттік инспекторы.
Нұржігітов Саят Нұржанұлы (50 жас) — территорияны күзету жөніндегі инспектор, «Семей орманы» МОТР-ы Новошульба филиалы Успенка орман шаруашылығының мемлекеттік инспекторы.
Начинёнов Константин Сергеевич (40 жас) — территорияны күзету жөніндегі инспектор, «Семей орманы» МОТР-ы Новошульба филиалы Успенка орман шаруашылығының мемлекеттік инспекторы.
Сидорин Виктор Александрович (63 жас) — территорияны күзету жөніндегі инспектор, «Семей орманы» МОТР-ы Новошульба филиалы Успенка орман шаруашылығының мемлекеттік инспекторы.
Сидорин Александр Викторович (39 жас) — территорияны күзету жөніндегі инспектор, «Семей орманы» МОТР-ы Новошульба филиалы Успенка орман шаруашылығының мемлекеттік инспекторы.
Пузырев Николай Иванович (54 жас) — «Семей орманы» МОТР-ы Новошульба филиалы Орталық орман шаруашылығы өрт сөндіру машинасының жүргізушісі.
Пузырев Сергей Николаевич (30 жас) — «Семей орманы» МОТР-ы Новошульба филиалы Орталық орман шаруашылығының өрт сөндірушісі.
Гражданкин Пётр Александрович (51 жас) — «Семей орманы» МОТР-ы Новошульба филиалы Орталық орман шаруашылығының өрт сөндірушісі.
Дарибаев Александр Викторович (48 жас) — «Семей орманы» МОТР-ы Новошульба филиалы Жернов орман шаруашылығының тракторшы-машинисті.
Ганьшин Даниил Евгеньевич (41 жас) — «Семей орманы» МОТР-ы Новошульба филиалы Орталық орман шаруашылығы өрт сөндіру машинасының жүргізушісі.
Орман шаруашылығының бес қызметкерінің жеке тұлғалары анықталды. Қазіргі таңда өрт сөндіру орнынан табылған 9 адамның тұлғасы анықталып жатыр. Абай облысының үкіметі мен әкімдігіне қаза тапқандардың отбасына барлық қажетті көмекті көрсету тапсырылды. Өртке байланысты Озерск ауылдық округіне қатысты ауылдардан 50-ге жуық адам Семейге көшірілді.
Оқиғаға бейжай қарамайтын адамдар Абай облысындағы құтқарушыларға көмектесу үшін тағам мен су тасуды қолға алды. Сондай-ақ зардап шеккендерге гуманитарлық және қаржылық көмек беретін жиын ашылды. Жиынға Ұлттық волонтёрлық желі қосылды.
9-шы маусым Семейде ірі орман өртіне байланысты төтенше жағдай тәртібі енгізілді. Кешке қарай президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге Абай облысына шығуды тапсырды. Алайда 10-шы маусым күні ТЖМ Юрий Ильин отставкаға жіберіліп, оның орнына Сырым Шарипханов тағайындалды.
10-шы маусым түнінде Абай облысындағы өрт көлемі жағынан ғаламшардағы ең ірі өрт болып шықты. Мұндай дерек Greenpeace халықаралық үкіметтік емес экологиялық ұйымының картасында берілді. Қазіргі сәтте Абай облысындағы өртті сөндіру 5 учаскіде жалғасып жатыр. Оған 1 500 адам, ТЖМ, Орман шаруашылығы комитеті, ЖАО мен Қорғаныс министрлігінің 290-нан астам техникасы жұмылдырылған.
«Өрт басталған уақыттан бері барлығы 1000 тонна көлемінде 486 су қашырту жүзеге асырылды. Қосымша Алматы, Алматы облысы ТЖД, Қарағанды және Алматы облыстарының ТЖМ әскери бөлімінің әскери қызметкерлері өрт сөндіруге кірісті. Өз кезегінде жылжымалы басқару құрылғысы да өз жұмысын атқарып жатыр», — деп хабарлады ҚР ТЖМ пресс-қызметі.
Аблай облысындағы ауқымды өртке байланысты 11-13 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаевтің Вьетнамға алдын ала жоспарланған ресми сапары кейінге қалдырылып, 11-ші маусым күні президент Абай облысына ұшып келді.
Ұшу барысында Тоқаевқа өрттен зардап шеккен аумақтар көрсетілді. Ол сондай-ақ ТЖ вице-министрі Марат Күлдіков пен Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаевтің ағымдағы жағадай мен өрт салдарын жою бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы баяндамаларын тыңдады.
12-ші маусым Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.
Естеріңізге сала кетсек, мамыр айының соңында Шығыс Қазақстанның Абай облысында тағы өрт болған еді. Өрт Ресейдің Алтай өңірінде басталып, артынша «Семей орманы» қорығының территориясына өткен болатын. Оны төрт күннен соң тоқтатқан еді. Сол уақытта өрт астында қалған жердің жалпы ауданы 3,5 мың гектарды құраған болатын.