Әлеуметтік желіде әуежайдағы жоғалған жүк 1099 теңгеге сатылады деген алаяктардын акпараты тарауда
"Қайырымдылық шарасы" деп аталған бұндай жарнама алаяқтардың әрекеті.
Онда "қайырымдылық шарасы " аясында талап етілмеген багаж бар болғаны 1099 теңгеге сатылатыны туралы айтылған. Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайдың баспасөз хатшысы Науат Айтуғанова бұл ақпаратты "алаяқтық әрекет " деп атады.
"Бұл ақпарат – жалған. Астана әуежайы ешқашан ұмытылған немесе жоғалған багажды сатқан емес", – деп жазды баспасөз хатщысы Facebook әлеуметтік желісінде.
Әуе айлағының өкілі айтқандай, ұмытылған багаж әуежай қоймасында 30 күн сақталады. Егер иесі табылмаса, багаж бастапқы жөнелтілген мекенге қайтарылады.
Сондай-ақ, Instagram әлеуметтік желісінде танымал брендтердің және онлайн-дүкендердің қоймаларындағы тауарларды сату туралы жарнамалар пайда болды.
Сурет: әлеуметтік желілерден скриншот