Абай облысында мас жасөспірім полиция қызметкерлерімен GTA стиліндегі қуғын ұйымдастырды
Көкпекті ауданында мас жасөспірім полиция қызметкерлерінен көлікпен жасырынуға тырсқан.
Автөкөлік қозғалысын 20 минут бойы жалғастыра берген. Инспекторлар қызметтік УАЗ-бен жолды жауып, көлікті тоқтата алды.
Тізгінде 17 жасар жасөспірім мас күйінде болған.
Жасөспірім ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша "Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы” бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жасөспірім үшін ата-анасы жауапкершіліктен босатылмайды.
Сурет: ашық дереккөздерден