Бастауыш сынып оқушылары бүгін де қашықтан оқиды
Орал қаласында -25 градус аяз болуына байланысты бірінші ауысымда бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Орал қаласы білім беру бөлімі таратқан хабарламада «Орал қаласында 9 қаңтар күні ауа температурасы -25 градус аяз болуына байланысты 1 ауысымда 1-4 сыныптар қашықтан оқиды», — делінген.
Қалада кеше де таңмен бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқуға көшірілген болатын. Сондай-ақ түс қайта аязға байланысты 1-9 сынып оқушылары қашықтан білім алды.